Келесі жылдан бастап сырттай оқу деген болмайды
Биыл соңғы рет сырттай оқып диплом алуға құжаттар қабылданады.
17:44 03.07.2018
Келер жылдан бастап оқытудың тек күндізгі формасы ғана қалады.
Елімізде осы жылы соңғы рет сырттай оқуға студенттер қабылданады.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың баспасөз қызметінің айтуынша, биыл Қазақстанда жоғары оқу орындарының сырттай бөліміне студенттер соңғы рет қабылданады. Келер жылдан бастап оқытудың тек күндізгі формасы ғана қалады.
– Колледждің базасында жоғары білім алуға немесе екінші жоғары білім алуға ниеті барлар осы жылы ғана құжат тапсыра алады, – деп мәлімдейді С. Аманжолов атындағы ШҚМУ қабылдаукомиссиясы.
Дереккөз: altaynews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары