{metadescription}
2020 жылдан бастап ұшатын автокөліктер шығады

2020 жылдан бастап ұшатын автокөліктер шығады

Жапония үкіметі 2018 жылдың соңына дейін қауіпсіздік және технология жөнінде арнайы кеңес құрмақ.

Бұл кеңес ұшатын көліктерді қолдану үшін құқықтық және техникалық база жасаумен айналысады.

Yomiuri басылымының мәліметінше, ұшатын көлікті түбегейлі қолданысқа енгізу 2020 жылға жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, автокөліктің орнынан тік көтеріліп, тігінен қонуы жоспарлануда. Ол 150 метрдей төбеге көтеріліп, сағатына 100-ден 200 километрге дейінгі жылдамдықпен жүре алады. Оның үстіне автокөлік электр қуатымен жүреді, ал жүру құнына келсек такси бағасымен пара-пар болмақ.

Ұшатын автокөліктер көбінде табиғи апаттарды залалсыздандыруда қолданылмақ.

Дереккөз: Baq.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде