Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақмола облысында сәби бесікте тұншығып қайтыс болды
Ақмола облысында бір жарым жасар сәби түнде бесікте жатып, тұншығып қайтыс болды.
11:53 04.07.2018
Қайғылы оқиға облыстағы аудандардың бірінде орын алған. Анасы түнде бір жарым жасар баласын бесікке бөлеген. Ал таңертең оның тыныс алмай жатқанын көріпті. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы сәбидің өлімін тіркеді.
«Медициналық қызметкерлер қайғылы оқиғаға дейін омыраудағы балаға қандай күтім жасалуы қажет екенін түсіндірген. Отбасы жақсы. Тағы балалары бар. Отағасы жұмыс істейді. Баланың дені сау болған», – дейді аудандық аурухана дәрігерлері.
Алдын ала болжам бойынша, анасы сәбиін бесікке бөлегеннен кейін, түнде сәби оянып, тұрмақ болып, оралып қалып, салдарынан тұншығып кеткен.
Полиция сәбидің денесін мәйітханаға жолдады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Дереккөз: sn.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram