{metadescription}
Оралда балкон өртеніп, 25 адам эвакуацияланды

Оралда балкон өртеніп, 25 адам эвакуацияланды

Орал қаласында тұрғын үйдегі өрттен 25 адам эвакуацияланды.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, кеше кешкісін сағат 21.24-те «Құрылысшы» шағынауданы №19 үйде өрт болып жатқаны жөнінде хабар түскен.

Өрт сөндірушілер жеткенде, 9 қабатты үйдің балконында жеке заттар мен терезе жақтауы жанып жатқаны анықталды.

Өрт аумағы 12 шаршы метрді қамтыды. Өрт сөндіру барысында 25 адам эвакуацияланса, соның үшеуі - балалар. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға жеке құрамнан 8 адам, 2 техника жұмылдырылды.

Өрт 22.20-да сөндірілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталуда. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде