Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ФОТО: Данияр Елеусіновтің кезекті қарсыласы анықталды
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (2-0, 1 КО) шаршы алаңға осы жылдың 4-ші тамызында Кардифф қаласында шығады.
19:25 04.07.2018
Отандасымыз кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін Кардифф (Уэльс) қаласында өткізетін болды.
Даниярдың қарсыласы венгриялық былғары қолғап шебері Габор Горбич болады. Ол кәсіпқой рингте 24 жекпе-жекте жеңіске жетсе, 11-інде жеңіліс тапқан. Қос боксшы маусым айында жекпе-жек өткізу керек болатын, алайда венгриялық жарақатына байланысты кездесуден бас тартқан.
Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокста екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен. Соңғы кездесуінде венгриялық Золтан Шабомен жұдырықтасып, есеп бойынша ұтқан еді.
Дереккөз: Prosports.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram