ВИДЕО: Ақтөбелік тұрғын әйелін подъезде босандырып алған
Ақтөбе қаласының тұрғыны әйелін үйінің кіре берісіндегі баспалдақта түнгі сағат екіде босандырып алған.
10:19 05.07.2018
Әйел аяқ-асты босанып, кіндік нәрестенің мойнына оралып қалған екен. Дегенмен ер адам сасқалақтамай сәбиін аман алып қалған.
Әйелінің толғағы түнде басталған екен. Олар бірден ауруханаға бармақ болады. Олар такси шақыртып, керек-жарағының бәрін алған. Бірақ әйелі үйден шығып бара жатқанда босанады.
"Ол баспалдақтармен түсіп бара жатқанда толғағы басталды. Оны көрпеге жатқыздым. Ол болса не істерін білмеді. Мен оны сабырға шақырдым. Тек "Терең демал ал. Күшен!" деп қана айттым. Үшінші рет күшенген кезінде бала дүниеге келді", - деп есіне түсірді Алан.
Бірақ, бала жыламаған. Сөйтсе, баланың кіндігі мойнына байланып қалыпты.
"Босатып жібергенімде бала шыр етіп жылап жіберді", - деді Алан.
Ер азамат дереу өрт сөндірушілер мен дәрігерлерге хабарласқан.
Жедел жәрдем әйелді бірден ауруханаға алып кеткен. Қазір анасы мен баласы аман-есен үйлеріне шығарылды. Сәбиге 40 күн толмағандықтан, ырымдап атын айтпады. Бұл сәби отбасындағы екінші бала.
Видео авторы: Диапазон
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары