Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Президенттің күйеу баласын атып кетті
Грузия президентінің күйеу баласы Миндия Гогочуриге қарулы шабуыл жасалды. Жұмаға қараған түні оқпен жараланған Гогочури ауруханаға жеткізілді. Жергілікті «Рустави 2» арнасының хабарлауынша, президенттің күйеу баласы республикалық ауруханаға жеткізілді, енді ота жасалмақ. Елдің ішкі істер министрлігі істі тергеу жұмыстарын бастап кетті. Оқиғаның мән-жайы әлі анықталған жоқ. Гогочури бірінші ханшайымның қызымен азаматтық некеде. 2017 жылдың қаңтарында досы екеуіне астананың дәл орталығында оқ атылып, ауруханаға жатып шыққан.
11:40 06.07.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!