Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтөбеде ер адам кәуапқа қақалып ажал құшты
Ақтөбе облысында кәуапқа қақалып қалған тұрғын қайтыс болды.
18:10 06.07.2018
Қайғылы оқиға Қарғалы ауданындағы Велиховка ауылында болған.
Оқиға 30 маусым күні кешкілік болған. 45 жастағы ер адам өз үйінде жеп отырған кәуабына қақалып көз жұмған. Мұны бірнеше күн жүргізілген сараптама қорытындысы растады. Ауылдастарының айтуынша, марқұмның артында әйелі мен екі баласы қалды.
Әйелі елдімекендегі аграрлық фирмада аспаз болып жұмыс істейді. Үлкен қызы Орынбор облысында оқыған, кішісі қазір ауылшаруашылық колледжінде оқиды.
Белгілісі, марқұм жергілікті тұрғындардың малын баққан. Сейсенбі күні оны ауылдастары ақтық сапарға шығарып салды.
Дереккөз: Керек инфо
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram