{metadescription}
ФОТО: Қазақстандық джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

ФОТО: Қазақстандық джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық спортшы Айдар Махметов АСВ нұсқасы бойынша джиу-джитсудан 2018 жылғы әлем чемпионы болды.

«Мәскеуде АСВ нұсқасы бойынша джиу-джитсудан 2018 жылғы әлем чемпионы болдым!!! Көптен күткен алтынға қол жеткіздім!», - деп жазды А.Махметов Фейсбуктегі жеке парақшасында.

Отандасымыз 75 келіге дейінгі салмақ санатында қызылкүрең белдіктер арасындағы шеберлер дивизионында (36-40 жас) өнер көрсетті.

«Үш айқас - үш жеңіс: ресейлік, армян және финалда ирандық. Сондай-ақ өзге санатта өнер көрсететін жолдасым Мұрат Бермұхамбетов қола жүлдегер болды. Мен ризамын. Аллаға мың да бір шүкір!»- деп жазды ол. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.