{metadescription}
ФОТО: Головкинді мас адамға тенеп, тіл тигізді

ФОТО: Головкинді мас адамға тенеп, тіл тигізді

Қарымта жекпе-жекке екі айдай уақыт қалды.

Мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) ісін жүргізетін промоутер Оскар де Ла Хойя орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен оның бапкері Абель Санческе тіл тигізді.

Жақында Геннадий Головкин, Абель Санчес және промоутер Том Леффлер Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен UFC 226 турнирін тамашалаған болатын.

Головкин Instagram желісіндегі ресми парақшасына UFC 226 турнирінде түскен суретін жариялаған.

Оскар Де Ла Хойя осы суреттің астына мынадай пікір қалдырған: "Ішіп алған сияқтысың, ал бапкерің саған құйып жүргендей көрінеді". Қазақстандық боксшы мен оның командасы бұған қатысты еш жауап қайырмады. 

Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы қарымта жекпе-жек 15 қыркүйекте өтеді және HBO арнасында ақылы трансляциялар жүйесі арқылы көрсетіледі. 

Дереккөз: vesti.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.