{metadescription}
ФОТО: Ұзақ уақыт бала күткен әйел бес баланы дүниеге әкелді

ФОТО: Ұзақ уақыт бала күткен әйел бес баланы дүниеге әкелді

Юта штатының тұрғындары Джейми мен Скайлер есейіп кеткен екі ұлына іні-қарындас сыйлау үшін ұзақ уақыт бойы емделген.

36 жастағы әйел аналық жұмыртқадағы кистаның көптігі салдарынан тағы ана болу бақыты бұйырмай жүрген.

Отбасылық жұп 12 және 7 жастағы ұлдарына бауыр сыйлау үшін бірнеше жыл емделгенімен, талпыныстары нәтижесіз қала береді.

Осыдан кейін қолдан ұрықтандыруға келіскен олар УДЗ арқылы жатырдағы ұрықтар санын көргенде талып түсе жаздаған.

Джейми бала көтере алғанымен, мамандар оны дүниеге аман алып келудің қауіптілігі жоғары екенін ескертеді. Әйелдің өзі жүктілік кезеңі ең қорқынышты уақыт болғанын айтып отыр.

Әйел УДЗ-ге түскенде, дәрігер ішінде бес бала дамып жатқанын айтқан. Босанар уақытын 33-ші аптаға белшілесе де, 29-шы аптаға жеткенде толғағы басталған. Әйел өте қатты қорыққаның жасырмады.

Екі ұл мен үш қыз дін аман дүниеге келген. Оларға Дейзи, Кейт, Лили, Логан және Линкольн деген ат қойылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде