Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Бұқтырма су қоймасында балық қырылып жатыр
Қырылып жатқан балықтарды демалушылар барлық жағалаудан тауып алып жатыр.
21:00 09.07.2018
Бірақ адамдарға әзірге ешқандай қауіп жоқ.
Әсіресе Көкпекті және Күршім аудандарында көп көрінеді.
Бірақ ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар әлемінің аумақтық инспекциясы бұған қиналып отырған жоқ. Өйткені оларға істің мән-жайы түсінікті.
– Балық болған соң, уылдырық шашқаннан кейін ауырады. Бір жағынан күннің ыстығы бар. Оған қоса Бұқтырмада мөңке балық күрт көбейіп кеткен еді. Осы себептерге байланысты кокцидиоз туындап отыр. Сол жерде комиссия жұмыс істеді. Балық өлекселерін жинап, зертханаға өткіземіз. Ары қарайғы істің барысын көреміз. Бәлкім, гидартталған әкпен жағалауларды «аластап», алдын алу шараларын жүргізетін шығармыз. Бірақ әзірге адам денсаулығына зиянды ештеңе жоқ. Сондықтан суды каратинге жабудың да керегі жоқ, – деп болған жайға түсініктеме берді балық шаруашылығының басшысы Талғат Рахымжанов.
Дереккөз: altaynews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram