ВИДЕО: Телефон алушы саудагерге пышақпен шабуылдады
8 шілдеде Ташкент қаласындағы "Флешка" (бұрынғы "Малика") сауда кешенінде ұсталған телефондар сатушы мен сатып алушы арасында жанжал болды.
15:56 10.07.2018
Салдарынан бірнеше адам зардап шекті.
"Флешка" кешенінде болған жанжал бейнеленген видео "Озодлик" редакциясына 9 шілдеде түсті. Онда қызыл жейдедегі жас жігіт пышақпен басқа бір жігіттің соңынан қуып жүргені айқын көрінеді. Ал милиция қызметкері оларды арашалауға тырысқан. Кадр сыртында "Ұр, ұр оны" деген ер адамның даусы естіледі.
Одан соң мұнда милицияның тағы бір қызметкері жүгіріп барған. Сол сәтте осының бәрін бақылап тұрған бір топ адам жан-жаққа қаша жөнелген. Видео соңында "Нексия" автокөлігі сауда кешені аумағынан кетіп бара жатыр, ал бірнеше жігіт оған қарай тас лақтырып тұр.
Бұл оқиға 8 шілдеде кешке болған. Сатушылардың бірінің сөзіне қарағанда, төбелестен бірнеше адам жараланған. Бір жас жігіттің кеуде тұсында жарақат ізі байқалады.
"Саудагерлердің бірі сауда кешеніне келушілердің бірімен сөзге келіп қалған. Сосын сатып алушы достарына хабарласып, оларды осында шақырған. Сөйтіп тараптар төбелескен", - деді аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері.
Ташкент қалалық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, бұрын сотталған А. Ш. пышақпен Н. А. есімді азаматтың кеуде тұсын жарақаттап, автокөлікпен қашып кеткен. Жаралы жігіт ауруханаға түсті.
"Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!