3 жасөспірімді терроризм айыбымен соттады
3 жасөспірімді терроризм айыбымен соттады

3 жасөспірімді терроризм айыбымен соттады

Тәжікстанда кәмелет жасқа толмаған үш тұрғынын қала әкімдігінің ғимаратын жарып жібергісі келгені үшін соттады.

Соғды облыстық соты 17 жастағы Гуфрон Хайдаровты (қылмыс жасаған уақытта 16 жаста болған) 6,5 жылға, ал оның екі көмекші құрдасы Миркамол Джаббор мен Муроббек Хайдаровты 5,5 жылға соттады. Үшеуі де экстремистік ұйымға қатысқан, терроризмге кінәлі деп танылды.

Сот материалдары бойынша, бұл үшеуін жыл басында ұстаған. Олар әлеуметтік желі арқылы "Ислам мемлекеті" террористік тобы мүшелерінің бірімен байланысқа шыққан. Соның басшылығымен жарылғыш зат дайындаған. Сотта үшеуі қала әкімдігін емес, махаллада өздеріне күн бермейтін ауқатты адамдардың бірінің үйін жарғысы келгенін айтқан.

Дегенмен сот материалдарында жастардың келіссөздерінің аудиотаспасы және ИМ содырымен жазысқан хаттары тіркелген. Онда жасөспірімдер қала әкімдігі ғимаратын жаруға дайындалғаны айтылады. Олар ИМ мүшелерімен IMO мессенжері және Zello интернет арнасы арқылы байланыс орнатқан.

Дереккөз: centralasian.org

Кеше9

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...