{metadescription}
ӘЧ-2018: Хорватия алғаш рет финалға шықты

ӘЧ-2018: Хорватия алғаш рет финалға шықты

Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалы аясында болып өткен кездесуде Хорватия құрамасы англиялықтарды 2:1 есебімен жеңіп, ақтық сынға қарай бағыт алды.

Жартылай финалдық кездесудің алғашқы голын ойынның 5-ші минутында-ақ англиялық Киран Триппье соқты. Ол айып добын орындауда хорватиялық қақпашы Субашичтен өз айласын асыра алған.

Хорватиялық футболшылар ойынның 68-ші минутында өткір шабуылдап, нәтижесінде Иван Перишич есепті теңестірді.

Экстра таймға созылған кездесудің нүктесін Марио Манджукич қойды. Хорватиялық шабуылшы 109-шы минутта есепті Хорватия құрамасының үлесіне шешті.

Еске салайық, 10 шілде күні Франция Бельгия құрамасын 1:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған болатын. 

Енді 15 шілдеде Франция мен Хорватия футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатының жеңімпазын анықтайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.