{metadescription}
Семейде ширек ғасыр жөнделмеген жол жөнделді

Семейде ширек ғасыр жөнделмеген жол жөнделді

Семей маңындағы Озерск ауылына баратын жол жөнделді. Ширек ғасыр жөнделмеген жолдың зардабын тартқан тұрғындар Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовтен жол мәселесін шешуді сұраған болатын.

Жөндеу жұмыстарымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Гордорстрой» мекемесі  айналысты. Ал жол заманауи неміс технологиясымен салынған.

«Бізде әдемі табиғат бар, бірақ демалушылар келе бермейді. Себебі жол жаман. 25 жылдың ішінде бір рет қана жолдың шұңқырлары бітелді. Сондықтан жолдың жағдайы нашар болды. Енді, міне, жаңа жол салынды. Қуаныштымыз. Түрлі кездесулер болғанда тұрғындар үнемі жол мәселесін көтеретін. Су мәселесі шешілген. Қазір барлық үйге су тартылған»,-дейді Озерск ауылының тұрғыны Иван Кияев.

Сонымен қатар, «Семей  Талица» бағытындағы жол да жөнделіп жатыр. Мұнымен «Озон» серіктестігінің қызметкерлері айналысуда. Қазір Каштак ауылына дейінгі жол жөнделіп болды. Жалпы жолдағы шұңқырларды жамауға бюджеттен 16 млн 500 мың теңге бөлінген. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.