Су тасқынынан 56 адам қаза тапты
Непалда су тасқыны мен лай көшкінінен 56 адам қаза тапты
11:43 15.07.2018
2 шілдеден бері Непалдың 39 ауданын су тасқыны мен лай көшкіні басып қалды. Салдарынан 56 адам ажал құшты.
Бұл жөнінде елдің ІІМ жариялаған мәліметте айтылады. Одан бөлек, 12 адам із-түзсіз жоғалған, тағы 9 адам табиғат апатынан жарақат алған.
Соңғы күндері Катманду алқабы да қатал ауа райының әсерінен зардап шегуде. 3 мыңнан астам жергілікті тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Құтқару операциясына мыңға жуық әскерилер мен полицейлер жұмылдырылған.
Непал үкіметі табиғат апатының салдарын жою үшін бірқатар шаралар қабылдады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!