{metadescription}
Балабақша тәрбиешісі баланың үстіне ыстық сорпа төгіп алды

Балабақша тәрбиешісі баланың үстіне ыстық сорпа төгіп алды

Салдарынан бүлдіршіннің беті күйіп, сол жақ қабағы жарылған.

Өзбекстанда балабақша тәрбиешісі алты жасар қыздың үстіне ыстық сорпа төгіп алды.

Мектепке дейінгі білім министрлігінде оқиғаның мән-жайын хабарлады. Түскі ас алдында тәрбиешінің көмекшісі қасына жүгіріп келген қызды байқамай, оған соғылып, қолындағы ыстық сорпа құйылған кәстрөлді төгіп алған.

Балабақша қызметкерінің епсіздігінен қыздың бетін екінші және үшінші дәрежелі күйік шалды, сондай-ақ сол жақ қабағы жарылған. 

Кейінірек анықталғандай, балабақша басшылығы жедел жәрдем шақырмаған және аудандық мектепке дейінгі білім бөліміне де хабар бермеген. 

Қазіргі таңда тәрбиеші жұмыстан шығарылды, балабақша қызметкерлерінің біліктілігі мәселесі бойынша тексеріс жүріп жатыр.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.