Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Мэнни Пакъяо әлем чемпионы титулын жеңіп алды
Боксшы жекпе-жектің жетінші раундында аргентиналық Лукас Матиссені нокаутқа түсірді.
17:24 15.07.2018
Малайзияда сегіз салмақ дәрежесінде әлемнің экс-чемпионы филиппиндік Мэнни Пакъяо жартылай орта салмақта WBA (regular) чемпиондық титулын жеңіп алды.
Пакъяо қарсыласына қарағанда жылдамырақ қозғалып, бірден басымдық танытты. Үшінші және бесінші раундтарда М. Пакъяо аргентиналық боксшыны нокдаунға жіберсе, жетінші раундта оның сол жақтан жасаған ауыр соққысынан соң Матиссенің жекпе-жекті жалғастыруға шамасы келмей қалды.
Бұл филиппиндік спортшының 2009 жылдан бергі мерзімінен бұрын жеткен алғашқы жеңісі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram