{metadescription}
Маңғыстау тұрғыны туған анасын өлтіріп қойды
Маңғыстау облысында ер адам жанжал кезінде өзінің туған анасын соққыға жықты. Егде жастағы әйел алған жарақатынан қаза тапты. Аталған дерек Бейнеу аудандық ІІБ сотқа дейінгі тергеулер реестрінде ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша тіркелген. Күдікті тергеу изоляторына қамалған. Тергеу құпиялығына байланысты басқа мәліметтер жария етілмеді. Маңғыстау тұрғыны Қылмыстық кодекстің талаптарына сәйкес 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
08:07 16.07.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!