{metadescription}
ФОТО: Қазақстандық әнші «Славян базарында» бірінші орын алды

ФОТО: Қазақстандық әнші «Славян базарында» бірінші орын алды

Витебск қаласында өткен 26-шы халықаралық «Славян базары» байқауында Әмре деген лақап атпен өнер көрсеткен қазақстандық әнші Ернар Садырбаев бірінші орынға ие болды.

Байқаудың нәтижесі бойынша, отандасымыз 156 балл жинады. Румынияның намысын қорғаған өнерпаз да осындай балл алды.

Алайда, әділ қазылар алқасының төрағасы Александр Морозовтың шешімімен Гран-при Румынияға берілді. Бірінші орын Қазақстанға, екінші орын Украинаға, ал үшінші орын Польша мен Беларусь елдеріне берілді.

Бұл қуанышты жаңалықпен әншінің өзі Instagram-парақшасында бөлісті.

«Алдыңғы кезеңде денсаулығыма байланысты ойдағыдай өнер көрсете алмадым. Бірақ ауырғанымды ешкімге айтпадым, сонда да жоғары ұпайға ие болдым. Аллаға шүкір, бүгін бәрі керемет болды! Алланың қалауымен, Қазақстан бірінші орынға ие болды. Румыния әншісі бас жүлде алды. Ұпайларымыз бірдей болғанмен, әділ-қазылар шешімі осындай болды. Мен барымды салдым», - деп жазды әнші.

 

 

 

156/156 Алдыңғы кезеңде денсаулығыма байланысты ойдағыдай өнер көрсете алмадым. Бірақ ауырғанымды ешкімге айтпадым, сонда да жоғары ұпайға ие болдым. Аллаға шүкір, бүгін бәрі керемет болды! Алланың қалауымен, 🇰🇿Қазақстан 1-орынға ие болды. 🇱🇹Румыния Бас жүлде алды. Ұпайларымыз бірдей болғанмен, әділ-қазылар шешімі осындай болды. Мен барымды салдым. Қазақ елі! Дұға, тілектеріңізге үлкен рахмет. Сіздерге Бас жүлде сыйлай алмағаным үшін өз-өзіме сыймай, орын таппай отырмын. Мені қолдағандарыңыз үшін рахмет! Көріскенше! Әmre.

Публикация от Əmre (@amre_official)

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.