ФОТО: 60 метрлік құздан құлаған қыз тірі қалды
60 метрлік биіктіктен құлаған қыз бір аптадан соң тірі табылған.
11:30 16.07.2018
Ол бір апта бойы көмек күткен.
23 жасар Анжела Эрнандес Орегоннан Калифорнияның оңтүстігіне саяхат жасап, туыстарына бара жатқан. Біраз уақыттан кейін қызбен байланыс үзіліп кетеді.
Жар маңында оның алдынан жануар атып шығады. Содан қашамын деп, салдарынан 60 метрлік жардан ауып кетеді.
Әйел адам бір апта бойы көлік радиаторындағы суды қорек етіп аман қалған. Оны жергілікті туристер тауып алған. Қазір ол ауруханада жатыр. Денсаулығы бір қалыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!