{metadescription}
Баласын құтқармақ болған әке суға батып кетті

Баласын құтқармақ болған әке суға батып кетті

Глубоков ауданына қарасты Қарақожа ауылында 10 жастағы баласын құтқаруға тырысқан ер адам суға кетіп, мерт болды.

Әкесі он жасар ұлымен демалып жатқан. Ұлын тау суына түсіргісі келген көрінеді. Алайда балақай батып кете жаздағанда, жалғыз әке жанұшырып ұмтылған. Ұлын құтқарса да, Үбенің (Уба) асау толқыны жар бермесе керек.

– Іздеу операциясы су шамамен 10 см төмендегенше екі-үш күнге жалғасты. Оқиға орнынан 25 шақырым жерден батып кеткен ер адамның денесі табылды, – дейді 2-ші құтқару отрядының басшысы Валерий Лытарь.

Осы уақытта 5-ші құтқару отряды тағы бір ер адамның денесін үш метрлік тереңнен тапқан еді. Бұл – Опытное поле маңында болған. Екі-үш жолдас бас қосып, тостақ қағыстырған. Масайған жігіт досының қарсылығына қарамай, судан жүзіп өтпек болған. Алайда жағадан үш метр ұзағанда ағысқа жасырынып қала берген.

– Біздің құтқару отрядына сигнал келіп түскеннен екі сағат өткенде суға кеткен ер адамның денесін жағаға шығардық, – дейді 5-ші құтқару отрядының басшысы Амангелді Капанов.

Шемонаиха ауданында №28 өрт қызметкерлері 47 жастағы әйелдің денесін Бояринов аралына алып шықты. Ол тападай-тал түсте мас күйі суға түскен екен.

ШҚО ТЖД:

– Азаматтарға суға түсу ережелерін қатаң сақтаңыздар. Құтқару посттары қойылған, керек-жарақпен жасақталған, суы тым терең емес, ағынды емес жерлерде шомылуға кеңес береміз. Ішімдікке мас болып, суға түспеңіздер, – деп өтініш айтып отыр халыққа.

Дереккөз: Алтайньюс

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.