{metadescription}
Астанада әйел екі қызымен кілем жуып жатып қаза тапты

Астанада әйел екі қызымен кілем жуып жатып қаза тапты

Қайғылы оқиға болған жер кілем жууға арналмаған.

Астанада Нұра-Есіл арнасына кілем жууға барған 43 жастағы әйел мен оның екі қызы суға батып кетті. 

ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, қайғылы оқиға 14 шілде күні түскі сағат 15:28-де болған.

"ТЖК орталық өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қаза тапқандардың денесін судан шығарды. Оқиға Нұра-Есіл арнасында қала маңындағы тұрғын үй алабында болған. Үш адам кілем жуып жатып, абайсызда суға батып кетті. Олар: 1975 жылы туған әйел және оның 2006, 2007 жылғы екі қызы", — деді Иманқұлов. 

Ол аталған орын кілем жууға арналмағанын атап өтті. 

"Құтқарушылар жергілікті полиция қызметімен бірге профилактикалық, рейдтік шаралар жүргізуде. Өкінішке қарай, біздің ескертуімізге көбісі құлақ аспайды. Өлімнің негізгі себебі – өз күшін асыра бағалау, қатты ағыс, аяқ-қол сіңірінің тартылуы. Жыл басынан бері осындай 123 факті тіркелді, олардың 36-сы бала", — деді ресми өкіл.

Нұра-Есіл арнасына төрт бала батып ке

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде