{metadescription}
ВИДЕО: Той үстінде ер адам оқ атқан

ВИДЕО: Той үстінде ер адам оқ атқан

Дағыстанда үйлену тойында оқ атқан ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Ер адам қамауға алынған.

Жексенбі күні әлеуметтік желіде  үйлену тойында ер адамның автомобильді төбесіне шығып ауаға қарата оқ жаудырғаны пайда болған.

«РФ ҚК-нің екі бабы: «Бұзақылық» және «Заңсыз қару айналымы» бойынша қылмыстық іс қозғалды»,-деп мәлім етті баспасөз қызметінің өкілі.

Дағыстан ІІМ-нің хабарлауынша, ол ұсталып Кизилюрт қаласының полиция бөлімшесіне жеткізілген. Әлеуметтік желіде оқ автоматтан атылған деген ақпарат таратылған.  

«Қару сыртынан қарағанда автоматқа ұқсайды, бірақ бұл «Сайга» аңшы мылтығы болып шықты. Ешкім зардап шекпеген, ер адам адамдар жоқ жаққа қарай атқан»,-деп атап өтті полициядан.

Бір қызығы, бұл оқиғаны оқ жаудырған азаматтың өзі әлеуметтік желідегі парақшасына салған екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде