Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Бопсалаумен айналысқан бір топ қылмыскер ұсталды
Қарағандыда бопсалаумен айналысқан бір топ қылмыскер ұсталды.
09:00 18.07.2018
Қарағанды облысының полиция бопсалаумен айналысқан бір топ қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстың ІІД-нің мәліметінше, Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінің кезекші бөліміне Сарань қаласының екі тұрғыны хабарласып шағым түсірген. Арыздарында белгісіз біреулер қаланың маңайында күш көрсеткенін, қару кезеніп бопсалау арқылы автокөліктерін иемденіп алғанын жеткізген.
Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында Қарағанды облысының 23-27 жас аралығындағы 5 тұрғыны ұсталды. Күдіктілер өз кінәларын мойындап, түсінік берген. Аталмыш фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194 бабы, 2-бөлігі («Бопсалау») бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram