{metadescription}
Туыстары некесіз бала тапқан қыздарын өлтіріп тастады

Туыстары некесіз бала тапқан қыздарын өлтіріп тастады

Қырғызстанда некесіз бала туған келіншекті өз отбасы өлтіріп тастаған.

Келіншектің денесі Нооқат ауданындағы өзеннің жағасынан табылды. Полиция он күн бойы мүрденің кімдікі екенін және оны кім өлтіргенін анықтаумен айналысты. Нәтижесінде қаза болған 22 жасар жергілікті тұрғын екені анықталды. 

Алдын ала болжам бойынша, жас келіншекті өлтірген оның 47 жастағы туған анасы мен 24 жастағы  ағасы. Олар үйде отырып бала тапқан қыздарын кешіре алмаған.

Turmush агенттігі анықтағандай, қаза тапқан қыз некесіз бала туып, сәбиін өзге адамдарға тәрбиелеуге берген. Оның анасы мен ағасы қыздарымен ұрсысып, ақыры өлтіріп тынған. Өлген қыздың денесін су қоймасына апарып тастаған, - деп жазады Sputnik Қырғызстан

Қазіргі уақытта мерт болған қыздың анасы мен ағасы қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.