Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Көріксіз әйелді зорлау мүмкін емес дейді қытайлық шенеунік
Көріксіз әйелді зорлау мүмкін емес, - деді қытайлық шенеунік арыз жазған әйел туралы оқиғаға қатысты.
15:05 18.07.2018
Жәбірленген әйел өзінің үш рет зорланғанын айтып шағымданған.
Қытайдың Хэбэй провинциясында шенеунік зорлық туралы шағым жазған әйелге еш қатысы жоқтығын, себебі оның тым көріксіз екенін мәлімдеді, - деп жазады Hong Kong Free Press.
2016 жылы 46 жастағы Фу есімді қытайлық әйел тәртіп комиссиясына өзіне шабуыл жасалғанын жеткізді. Оның сөзінше, өзі тұратын ауылдың партия хатшысы 2014–2015 жылдар аралығында үш рет зорлағанын айтып шағымданды.
Істі партияның аудандық бөліміне берді. Соңында бөлім бастығы БАҚ-ға ауылдағы хатшымен сөйлескеннен соң шағымды қараудан бас тартқанын айтты. Шабуылдап зорлық жасайтындай ол әйелдің түрі тартымды емес екендігін мәлімдеді.
— Ол кезде Цудың (бастығы) жасы 50-ден асқан болатын, ал сіздер ол әйелді көрген жоқсыздар. Мен оның түрі қорқынышты деп тұрғам жоқ, бірақ оның түріне қараған еркектің ештемеге зауқы соқпайды, — деді шенеунік.
Мұндай мәлімдеме әлеуметтік желі қолданушылардың ашу-ызасын тудыруда. Кейбірі тіпті кәрі адамдардың да зорланатынын, адамның түрінің зорлыққа еш қатысы жоқ екенін айтуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram