ВИДЕО: Жемқорлықпен күрескердің бетін жасыл дәрімен күйдіріп тастады
Киевте болған акцияда жемқорлықпен күрескердің бетін жасыл дәрімен күйдіріп тастады.
15:31 18.07.2018
Киевтегі мамандандырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес прокуратурасы ғимаратының алдында болған арнайы акция кезінде бір топ жастар парақорлықпен күрескер Виталий Шабунинге торт лақтырып, бетіне жасыл дәрі шашып жіберді.
Шабунин мен оның жақтастары Украинаның бас прокуроры Назар Холодницкийдің отставка кетуін талап еткен болатын. Жыл басында Холодницкийге қатысты прокуратура тексеру жүргізген. Оны қылмыстық істегі фигуранттарға ақпарат берді, куәгерлерге қысым жасады деп айыптаған.
Оқиға болған жерде пикет тұрды. Бір топ әйел ұстап тұрған плакаттарда: "Жемқорлыққа қарсы бюро - жауыздықтың жиынтығы, онымен күресу керек" деп жазылған.
Виталий Шабунин ғимараттан шықпай отырған прокурор Холодницкийді қорқақ деп айыптады. Сосын ол дәрігерлердің көмегіне жүгініп, көзінің химиялық күйік алғаны туралы анықтама қағаз жаздырып алды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!