Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтөбеде ерекше қыз бала дүниеге келді
Ақтөбе қаласының перинаталдық орталығында ерекше ірі қыз бала дүниеге келді.
16:00 18.07.2018
Сәбидің салмағы 6 келі, 350 грамм деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«15 шілдеде дүниеге қыз келді. Сәбидің салмағы 6 келі 350 грамм, бойы 63 сантиметр. Табиғи жолмен босандырып алдық. Қазіргі уақытта анасы мен нәрестенің жағдайы жақсы. Ол отбасындағы алтыншы бала», - деді Ақтөбе перинаталдық орталығының қызметкерлері.
Ақтөбеде мұндай ірі баланың тууы алғаш рет болып отыр. Ол - Ринат Тастанбеков пен Бибігүл Байболатованың отбасында бес ұлдан кейін туған алғашқы қыз бала.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram