{metadescription}
ФОТО: Қайтыс болған әкесінің жанында тұрып селфи жасады

ФОТО: Қайтыс болған әкесінің жанында тұрып селфи жасады

p>Сербия моделі қайтыс болған әкесінің жанында тұрып селфи жасады.

 

Сербия моделі көз жұмған әкесінің қасында түрып селфи жасағанымен қоймай, фотоны әлеуметтік желіге салып, Инстаграм қолданушыларының ашу-ызасын тудырды. Джелика Любичич "сториз" айдарына "жаның жәннатқа барсын" деп жазған. Алайда бұны көрген жазылушылар оны сынап, суретті алып тастауды өтінді, - деп жазады Metro.

Джелика суретте ернін дүрдитіп алып, төсекте өліп жатқан әкесінің қасында тұр. Ал фотоның астына: "Барынша күрестік, дегенмен амал қанша, қолдан келер қайыр жоқ. Қанша өмір сүретінімізді ешкім білмейді" деп жазған. 

"Ол 67 жасына қараған шағында бізді тастап кетті. Сен менің әкем болғаныңа, мен сенің қызың болғаныма алғысымды айтамын. Бізге дұрыс жол сілтеп, бағыт-бағдар бергеніңе рахмет. Иманды бол. Сенің жарқын бейнең жүрегімізде мәңгі сақталады",- деп жазды қызы. 

Желі қолданушылары қыздың қылығын сөгіп, дүние салған адамды сыйлау керектігін жазуда. "Әкесіне деген "қайғысын" оның сурет түсуге тапқан уақыты мен қылығынан білуге болады" - деп жазды бір адам.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде