Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қытайдағы жарыста қазақстандық спортшылар аза тұту белгісін тағып шықты
Қытайдың Уси қаласындағы семсерлесуден әлем чемпионатына қатысып жатқан қазақстандықтар жарысқа аза тұту белгісін тағып шықты.
15:09 20.07.2018
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
«Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің мезгілсіз қазасы бүкіл әлем халқын ауыр қайғыға душар етті. Талантты спортшы, аяулы ұл, намысты отандасымыздың қазасына байланысты ел спортшылары өздері қатысып жатқан турнирлерге аза тұту белгісін тағып шықпақ. Қытайдың Уси қаласындағы семсерлесуден әлем чемпионатына қатысып жатқан қазақстандық нояндар жарысқа аза тұту белгісін тағып шықты», - деді ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметінде.
Сондай-ақ атап өтілгендей, еліміздегі барлық спорттық федерациялар өткізетін ресми әрі ресми емес турнирлер бір минуттық үнсіздікпен басталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram