Еліміздің ойын-сауық орталықтарында көңіл көтеру шаралары тоқтатылды
Танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің мезгілсіз қазасына байланысты Қазақстанның бірқатар ойын-сауық орталықтары мен телеарналары көңіл көтеру шараларын тоқтатты.
17:11 20.07.2018
Алдағы үш күнде MEGA ойын-сауық орталығының барлық қаладағы филиалдары көңіл көтеру шараларын өткізбейді.
«Құрметті қонақтар, республика бойынша MEGA сауда, ойын-сауық орталығы желілерінде жұма, сенбі, жексенбі (20, 21, 22 шілде) күндеріне жоспарланған барлық көңіл көтеру шаралары тоқтатылады», - деп хабарлады MEGA сауда, ойын-сауық орталығының баспасөз қызметі әлеуметтік желіде.
Сондай-ақ, Алматыдағы Esentai Mall сауда орталығының әкімшілігі 21 шілдеге жоспарланған концертті өткізбеуді ұйғарған.
«Денис Теннің жақындары мен туыстарына және тұтас әлемдегі фанаттарына қайғыра көңіл айтамыз. Қайғылы оқиғаға байланысты, Esentai Mall сауда орталығының әкімшілігі 21 шілдеге жоспарланған Esentai MusicFestival концертін өткізбеу туралы шешім қабылдады», - деп хабарлады орталық.
Сондай-ақ, Қазақстандағы көңіл көтеру телеарналары Денис Теннің қазасына байланысты түрлі-түсті хабар таратудан бас тартты.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!