Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Кепілдікке алынған қыз полицейдің оғынан мерт болды
Лос-Анжелесте кепілдікке алынған қыз полицейдің оғынан мерт болды.
13:00 25.07.2018
Сот сараптамасынан кейін дүкеннен шығып келе жатқан қыз офицер атқан оқтан көз жұмғаны анықталды.
Дүкенде кепілдікке алынғандардың ішінде болған қыз қылмыскердің емес, полицейдің оғынан мерт болған, деп хабарлайды CBS телеарнасы.
Еске салсақ, Лос-Анжелесте қуғынға түскен жас жігіт супермаркеттегі адамдарды кепілдікке алған. Қамалған адамдардың көбісі қашып кетіп, ал қаскөй екі сағаттан соң өз еркімен полицияға берілді.
Қала полициясының басшысы Майкл Мур мәлімдегендей, сот сараптамасынан кейін, дүкеннен шығып келе жатқан 27 жастағы қыз полициялықтар атқан оқтан көз жұмғаны белгілі болды.Оқ оның денесі мен қолына тиген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram