{metadescription}
0:000:00

ВИДЕО: Крикеттің экс-жұлдызы парламенттік сайлауда жеңіп шықты

Пәкістандағы парламенттік сайлаудың нәтижесі ресми жарияланбаса да, сайлау комиссиясы жиналған дауыстардың жартысын санап үлгерді. Дегенмен "Адалдық партиясының" жетекшісі Имран Хан өзінің жеңгенін жариялады.

Ұлтына арналған телеүндеуінде ол салықты реттеп, мемлекеттік шығынды қысқартып, АҚШ-пен қарым-қатынасты дұрыстайтынын айтты.

Имран Хан:

"1996-шы жылдан бергі 22 жылдық шайқасым үшін құдайға ризамын. Бүгін құдай маған армандаған нәрсемді - Пәкістанды берді. Мен әрекет ету мүмкіндігін алып отырмын, мен оны іске асырамын".

Парламенттік сайлау сәрсенбі күні шиеленіскен жағдайда өтті. Сайлау күні жарылыс болып, оның жауапкершілігін Ресейде тыйым салған "Ислам мемлекеті" ұйымы алды. Жарылыста 30-дан астам адам қаза тапты.  

Ал бұдан бірнеше апта бұрын жемқорлыққа қатысты бұрынғы премьер-министр  Наваз Шариф қызымен қамауға алынған болатын. Оның партиясы сайлауда Имран ханның басты қарсыласы болған. Шарифтің жақтастары Имран ханның жеңісін мойындамай отыр. Алайда сайлау комиссиясы сайлаудың әділ өткізілгенін айтады. 

Имран Ханның жасы 65-те. Ол Пәкістанда туған. Ұлыбританияда жоғары білім алған. Оксфордта оқып жүргенде крикетпен айналысып, 10 жыл бойы Пәкістанның құрама командасының капитаны болды. Үш рет үйленген.

Бірінші әйелі - британдық ақсүйек ханым.

Екінші әйелі -Би-Би-Си арнасының ауа райын жүргізушісі.

Үшінші әйелін ол рухани мәселелерді шешуге көмек беретін адамым дейді. Үшінші әйелінің түрін ол тек үйлену тойынан кейін көрді.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде