{metadescription}
Шәкәрім Құдайбердіұлының өміріне қатысты жаңа деректер белгілі болды

Шәкәрім Құдайбердіұлының өміріне қатысты жаңа деректер белгілі болды

Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының өміріне қатысты жаңа деректер белгілі болды.

Абай кітапханасының қызметкерлері тапқан 1914 жылғы «Ауыл шаруашылығына шолу» статистикалық мағлұматтарында ақынның дәулеті жайында жазылған. Оның қыстауында 16 адам тұрған және тұрмыс мұқтаждығын тартпағаны айтылады.

Сондай-ақ кітапта мал саны туралы да мәлімет келтіріледі. Атап айтсақ, Шәкәрім Құдайбердіұлының қойының өзі 400-дің шамасында болған. Сирек мағлұмат қазақтың философ ақынының 160 жылдығы қарсаңында көпшілік назарына ұсынылып отыр.

«Бұл ктіаптың ешқандай көшірмесі жоқ. Жалғыз дана. Қазіргі таңда көшірмесін мүмкіндік болса, жасау жоспарда бар», дейді Абай кітапханасының бөлім маманы Медет Божан. -  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.