Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ВИДЕО: Қытайлық пилоттың біліктілігінің арқасында тікұшақ апатынан ешкім зардап шекпеді
Қытайлық пилоттың біліктілігінің арқасында тікұшақ апатынан ешкім зардап шекпеді.
09:00 31.07.2018
Тікұшақты басқарған пилоттың байсалдылығы мен біліктілігінің арқасында Бейжіңде болған тікұшақ апатынан құрбан болғандар жоқ.
Пилот азаматтық Bell-429 тікұшағын адамдар тұрып жатқан кварталдан әрідегі көлік тұрағына қарай бұрып қонған. Тікұшақ Қытай астанасының солтүстік жағындағы шағын ауылдың маңына құлады.
Полицияның айтуынша, ешкім бұл апаттан жапа шекпеді. Бортта төрт адам болған, оның біреуі - әйел. Барлығы дін аман тікұшақтан сыртқа шықты.
Апат себебін Азаматтық авиация басқармасы мен Bell компаниясының мамандары жүргізуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram