{metadescription}
Елімізде қандай азық-түліктер арзандады

Елімізде қандай азық-түліктер арзандады

Қазақстанда маусымдық көкөністердің бағасы едәуір арзандады.

Бұл туралы ҚазАқпарат Energyprom.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Маусымдық көкөністер арзандай түсуде. Қызанақтар мен қиярлардың бағасы айына 27-28% төмендеген. Өткен аймен салыстырғанда шілдеде жаңа піскен қияр бағасы 28%, қызанақ - 26,5%, орамжапырақ - 22%, картоп - 14,4%, сарымсақ - 10,7% арзандаған. Бірақ, басқа көкөністердің құны көтерілген.

Атап айтқанда, қызылша (+11,6%) мен сәбіз (+16%) қымбаттаған.

Сарапшылар мұны көкөністердің жаңа өнімдерінің базарларда пайда болуымен түсіндіреді. Шілдеде жемістердің ішінде банандар (минус 5,5%) және апельсиндер (минус 3,7%) бағасы арзандаған.

Ет бағасы туралы айтатын болсақ, тауық өнімдері арзандады - жұмыртқа бір айдың ішінде 2%, тауықтың сан еті және тауық тиісінше 0,3 және 0,1% төмендеген. Дәнді дақылдардың бағасы өзгермеген, тек күріш 2,1% қымбаттаған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде