{metadescription}
ФОТО: Аутизммен ауыратын туысын құлдықта ұстап, ойына келгенін істеп мазақ қылған

ФОТО: Аутизммен ауыратын туысын құлдықта ұстап, ойына келгенін істеп мазақ қылған

Аутизммен ауыратын туысын құлдықта ұстап, ойына келгенін істеп мазақ қылған. 

АҚШ-тың Луизиана штатының Амит-Сити қаласында бес адамнан тұратын отбасы 22 жасар аутизммен ауыратын туысын құлдықта ұстаған. Қызға есірткі беріп, ішкен тамағы үшін жұмыс істетіп, зорлап, тіпті қайтыс болған анасының кремациядан қалған күлін жегізген, деп хабарлайды Newsweek.

Аутизм дертіне шалдыққан 22 жасар қыз аталмыш Ноуп отбасына 2015 жылы анасы қайтыс болғанда келіпті. Туыстары қызды брезентпен жабылған торға қамап ұстап,құл ретінде пайдаланған. Қара жұмысқа жегіп, үйіне қонаққа келгендерге зорлатып, ұрып-соғып, аш қалдырған. Бұнымен ғана шектелмей, ауру туысына есірткі беріп, нәжіспен тамақтандырған. 

Қашып кетсең, ұстап алып өлтіреміз деп қорқытып отырған. Бишара қыз адам төзгісіз жағдайда бір жыл өмір сүрген. Осы уақыт бойы туыстары оның жәрдемақысын алып отырған — барлығы шамамен 8 мың доллар. Сөйтіп бір күні бұл үйге келген қонақтардың бірі полицияға хабарлап, тордағы қызды туралы айтып береді. Ноуттар отбасын сол күні қамауға алды. 

Ноуп отбасының барлық мүшелеріне адамды қамауда ұстағаны үшін, қорлағаны үшін, қорқытқаны үшін, зорлағаны үшін айыптар тағылды. Ноуптардың төртеуі өмір бойы түрмеге қамалатын болды. Ал отбасының ең кіші баласы 5 жылға сотталды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.