Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы облысында екі әйелдің мәйіті табылды
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы Байтерек ауылында екі әйелдің мәйіті табылды.
17:10 31.07.2018
Жер үйден өрт шыққан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстың ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін таңғы 06:28-де Есік қаласының №6 өрт сөндіру бөліміне өрт туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер бірден Еңбекшіқазақ ауданы Байтерек ауылына аттанады. Оқиға орнына дейінгі ара қашықтық 25 шақырымды құраған. Олар ауылға 22 минут ішінде келеді.
"Өрт сөндірушілер келген кезде, үй лапылдап жанып жатқан, төбесі құлаған. Тілсіз жауды сөндіру кезінде үйден 1955 және 1966 жылғы екі әйелдің денесі табылды. Алдын ала себептер бойынша олар ұйықтап жатқанда, иіс тиіп көз жұмған", —делінген хабарламада.
Өрт шамамен екі сағаттан кейін, 08:16-да толығымен сөндірілді. Жалын 56 шаршы метр аумақты шарпыған.
Алматы облысы ТЖД қызметкерлері азаматтардан өрт туралы "101" немесе "112" телефондары бойынша лезде хабар беруді сұрайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram