Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Фируза Шарипованың келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды
Екінші жартылай жеңіл салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Фируза Шарипованың келесі жекпе жегінің уақыты белгілі болды.
17:20 31.07.2018
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
2018 жылғы 8 қыркүйекте Ресейдің Санкт-Петербург қаласында қазақстандық боксшы Фируза Шарипова (8-1, 4 КО) испаниялық боксшы Мириам Гутьерреспен рингке шығады. «Менің мақсатым - кәсіби бокста абсолютті чемпион атану. Ол үшін бар мүмкіндігімді пайдаланамын. Мириам Гутьеррестің техникасы мықты, ол жылдам әрі кәсіби бокста жеңіліп көрмеген. Гутьерресті Гонтарюкиге қарағанда жеңу оңайға соқпайды, себебі Джемилла Гонтарюки жұдырықтасқан кезде бір орнында көп тұрып қалады. Оның үстіне испаниялық боксшының бойы менен ұзын және мен басқа салмақ дәрежесінде жұдырықтасамын. Соған қарамастан мен өзіме және командама сенемін», - деді Фируза Шарипова.
Фируза Шарипованың қарсыласы испаниялық боксшы Мириам Гутьеррес кәсіби бокста 8 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Кездесуде WBO титулы сарапқа салынады. Сонымен қатар Фируза Шарипова кезекті күресін Денис Теннің рухына арнайтынын атап өтті. «Фируза үшінші салмақ дәрежесінде өнер көрсеткелі отыр. Егер ол жеңіске жетсе, үш салмақ дәрежесінде чемпион атанады. Осыған дейін Қазақстаннан ешкім мұндай жетістікке жетпеген. Ал әлемде мұндай жетістікке жеткен спортшылар аз», - деді боксшы менеджері Сергей Завилейский.
Естеріңізге сала кетейік, Шарипованың соңғы жекпе-жегі 2017 жылы 30 желтоқсанда Алматы қаласында өтті. Ол бельгиялық боксшы Джемилла Гонтарюкиді (13-5-1, 2 КО) жеңіп, WBC Silver және IBO титулдарына ие болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram