{metadescription}
ФОТО: Толассыз жаңбырдан суға толған вокзалды бассейнге айналдырып жіберді

ФОТО: Толассыз жаңбырдан суға толған вокзалды бассейнге айналдырып жіберді

Швецияда толассыз жаңбырдан суға толған вокзалды жолаушылар бассейнге айналдырып жіберді.

Бұл елде толассыз жауған қатты нөсердің салдарынан Упсала қаласындағы вокзалдың бірінші қабаты белуардан келетін суға толды.

Тоннель, пойыздарға апаратын эскалаторды су басқанымен, бұл жергілікті тұрғындарды әбігерге салды деу қиын.

Олар үрлейтін матрастарын әкеліп, бассейнге келгендей су кешіп, үрлейтін құралдарымен қалқып жүруді жөн көрді.

Су басқан вокзал жұмысын тоқтатқан жоқ. Дегенмен перронға жету үшін белуардан шешінуге тура келеді.

Жолаушылардың бұл елде жүйкесі мықты ма, әлде суға шомылғанды ұната ма, кім білсін... Швециялықтар төтенше жағдайды пысқырмай, бассейнге түскендей мәз болуда...

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.