Астанада салынып жатқан коттедж қирап, жұмысшылар зардап шекті
Астанада салынып жатқан коттедждің екінші қабатының едені бірнеше адамның үстіне құлады. 1 тамызда сағат 19.55-те Балқантау 171 көшесінде салынып жатқан екі қабатты коттедждің анықталмаған жағдайда бірінші және екінші қабат аралығындағы еден құлаған. Салдарынан 1970 және 1983 жылғы жұмысшылар үйінді астында қалды. Олар ауруханаға жеткізілді. Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің Орталық аймақтық аэромобильді жедел-құтқару қызметінің құтқарушылары жұмыс істеп жатыр. Құтқарушылар үйінді астында қалған үшінші жұмысшыны шығарып алғанын хабарлады.
11:00 02.08.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!