Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Головкин мен Канело түсірілім алаңында төбелесе жаздады
Қос боксшы екінші жекпе-жектің промо-ролигін түсіру үшін түсірілімде кездескен.
12:09 02.08.2018
Сауль «Канело» Альварестің Геннадий Головкинмен бірлескен медиа іс-шараны өткізуді қаламайтынына қарамастан, шілденің ортасында боксшылар екінші жекпе-жектің промо-ролигін түсіру үшін түсірілімде кездесті.
Кездесу қиын атмосферада өткен. Екі қарсылас та «шынайы жек көретіндерін» көрсетіп, түсірілім алаңында трэштокингке жол берген.
Түсірілім процесіндегі кадрларға қарағанда, GGG мен «Канело» қойылымдық соққыдан шынайы айқасқа өтіп кетуге дайын тұрды.
Айта кетейік, Головкин мен Альварестің екінші айқасы 15 қыркүйекте Лас-Вегаста T-Mobile Arena-да өтеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram