Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Павлодарда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Торайғыров көшесі, 32 мекенжайы бойынша орын алған көпқабатты тұрғын үйден 10 адам сыртқа шығарылды.
17:38 02.08.2018
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау капитаны Азамат Қожайбердиев айтты.
- Сағат 23.39-да Павлодар гарнизоны № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы пункт байланысының диспетчерінен өрт шыққаны туралы хабар түсті. Тілсіз жауды сөндіруге № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің екі бөлімшесі мен екі автоцистерна құрамы, № 34 өрт сөндіру бөлімінің екі бөлімшесі жіберіледі. Оқиға орнына келген кезде тоғыз қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында жиһаздар мен үй заттарының, ағаш құрылыстардың жануы, подъездің қатты түтіндеп жатқаны анықталды, - дейді Азамат Қожайбердиев.
Екінші кезекші ауысымдағы жеке құрамының үйлесімді және табанды іс-әрекеттерінің арқасында өрт 10 минуттың ішінде оқшауланды. Тұрғындардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады.
Дереккөз: Рavlodarnews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram