Павлодарда оқушыларды тестке ақша жинауға мәжбүрлеген
Павлодар облысы бойынша жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде оқушылардың ата-аналары балалардың білімін мәжбүрлі түрде ақылы тестілеу фактілері туралы мәлім етті.
18:25 02.08.2018
Еліміздегі бірқатар өңірлерде, соның ішінде Ертіс аймағында коммерциялық ұйымдардың ақылы тестілеуін өткізу үшін қаражатты мәжбүрлі жинауға жол беретін мектеп әкімшіліктері ата-аналарды жаңылыстырып, мемлекет аппаратының имиджіне нұқсан келтіруде.
Сонымен қатар, «Білім беру туралы» Заңға сәйкес, білім алушылар мен тәрбиеленушілер тегін сапалы білім алуға құқылы», - деп хабарлады Павлодар облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті.
Білім беру ұйымдарында тек қосымша білім беру қызметтеріне, өз бейімділіктері мен қажеттіліктері үшін төлеу қажет. Оның ішіне ақылы тестілеу кірмейді, деп хабарлады ведомствода.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!