{metadescription}
Жұмыс тауып беремін деп алдап келген алаяқ ұсталды

Жұмыс тауып беремін деп алдап келген алаяқ ұсталды

Адамдарды жұмысқа тұрғызамын деп алдап ақша алып келген алаяқ ұсталды.

Оны семейлік полицейлер қолға түсірді. Ұсталған адам ірі компанияға жұмысқа орналастырамын деп 600 мың теңге алған. Сөйтіп жұмыстан дәметкен адам уәде берген алаяқты төрт ай күтіп, ақыры құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінген.  Жедел іздестіру шарасы барысында бұрын сотталған 35 жастағы еркекті ұстады.

1 тамыз күні Семейдегі Затон полиция бөлімінің қызметкерлері  41 жасар қала тұрғынының  арызы кеш түскеніне  қарамастан, криминалды полиция бөлімі күдіктіні ұстады. Тергеу кезінде кінәсін толық мойындап, қамауға алынды.

ҚР  Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бабы бойынша  іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.   

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.