Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ВИДЕО: Университет басшылары жігіттерге бағаны жоғарылатып қойғаны үшін кешірім сұрады
Токио медицина университетінің басшылары жігіттерге бағаны жоғарылатып қойғаны үшін кешірім сұрады.
02:00 09.08.2018
Аталмыш университетте бірнеше жыл бойы қыз балаларды қабылдамау мақсатында емтихан қорытындыларын өзгертіп келген. ЖОО тапсырысы бойынша жүргізілген ішкі тексеру осындай қорытындыға келді. Университет басшылары өздерінің алдында басқарған адамдардың жемқорлық жүйесін құртуға уәде беріп отыр.
Тэцуо Юкиока, Токио медицина университетінің директоры:
"Қаншама адамның жанын ауыртқан осы жанжалдың болғанына біз кешірім сұраймыз".
Тексеру көрсеткендей, емтихан комиссиясының мүшелері абитуриент-ер адамдарға емтиханды екінші және үшінші рет тапсырғанда жоғары баға қойып келген.
Жергілікті баспасөздің мәліметінше, фальсификация басталарда қыздардың саны 40 пайызды құраған. 2010 жылы ол 30 пайызға төмендеп, ал биыл 40% абитуриент-қыздардың тек 18% ғана оқуға түскен.
Бұл кемсітушіліктің басты себебінің бірі - дәрігер-әйелдер бала туғаннан кейін мансабын тастап, бұл өз кезегінде ауруханаларда мамандардың жетіспеушілігіне әкеп соқтырады екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram