Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ұйқысы қанбаған адамдарға арналған мызғып алатын бөлмелер ашылды
Лондонда ұйқысы қанбаған адамдарға арналған мызғып алатын бөлмелер ашылды.
08:00 09.08.2018
"Pop & Rest" қонақ үйі Шордич ауданында орналасқан. Шағын бөлмелер жаның жай табатын түстермен безендіріліп, гүлдің жұпар иісі шығып тұрады.
Жобаның авторлары бұл тек жұмыста ұйқысы қанбай жүргендер үшін ғана емес, сонымен бірге саяхатшылар, түнгі клубтан шыққандар және жас ата-аналарға арналған. Сағатына 23 доллар. Осында жиі келетін Виктория Хикманның пікірінше, денсаулық үшін ақшаны үнемдеудің қажеті жоқ.
Виктория Хикман, РОР&REST клиенті:
"Осында келіп ұйқымды әбден қандырып алуға қандай ақша болса да төлеуге дайынмын. Ұйқыңды ашу үшін кафеге барып кофе ішіп, болмаса тамақ ішкеннен көрі сында тыныш ұйықтағаным мың есе артық".
Қонақ үйдің менеджменті британ астанасында осындай қонақ үйлерді кеңейтетінін айтты. Вокзалдарда, бизнес-орталықтарда, университеттерде. Ұйқыға төлеген ақша - қазіргі өмірде қалыпты жағдай.
"Біздің клиенттер жоғары жалақы емес, орташа жалақы алатындар. Көбінесе фрилансерлер. Жақсы ауа райы болғанда олар далада демалатын орындарда мызғып алатын. Бірақ көшенің аты көше - шулы, ұйықтап жатқанда затыңды ұрлап кету қаупі бар, - дейді қонақ үй менеджері.
Англияның үкіметтік қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі азаматтарға күніне 7-9 сағат ұйықтау керектігін айтады. Медиктер ескертеді: ұйқысы қанбаған адамның қан қысымы жоғарылап, жүрегі ауырып, басқа да психологиялық дертке ұшырауы мүмкін. Ал британдықтардың үштен бір бөлігінің тұрақты түрде ұйқысы қанбай жүреді екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram