Алкогольден уланып далада жатқан 12 жасар қызды ауруханаға әкетті
ВИДЕО: Алкогольден уланып далада жатқан 12 жасар қызды ауруханаға әкетті

ВИДЕО: Алкогольден уланып далада жатқан 12 жасар қызды ауруханаға әкетті

Ресейдің Түмен қаласында алкогольден уланып далада жатқан 12 жасар қызды ауруханаға әкетті.

Алтыншы сынып оқушысы екі күн бойы сыра мен коктейльдерді тоқтаусыз ішіп, есінен танып қалған. Енді оның қандай жағдайда соншама алкоголь ішіп уланып ауруханаға түскені анықталып жатыр. 

Жергілікті БАҚ-ның жазуынша, 8-ші тамызда көшедегі адамдар жерде, шөптің үстінде ессіз жатқан қызды көріп, жедел жәрдем шақырған. 

Жазғы каникулда жүрген қыз құрбыларымен қосылып екі күн бойы сыра мен алкогольді коктейльді тоқтаусыз сіміре берген. Екі сағат қана ұйықтап алған қыздар таң ата тағы да ішімдікке бас қойған. Ақыры мұндай мөлшердегі спирттік ішімдікті көтере алмаған жас ағзасы сыр беріп, қаладағы саябақта жерге гүрс етіп құлап, сол бойы тұра алмай қалған. Ал қасындағы құрбыларының қайда кеткені белгісіз. 

URA.ru хабарлағандай, Түмен облысында балалар құқығына жауапты өкіл Андрей Степанов полицияға және кәмелетке толмаған жасөспірімдер комитетіне сұрау салдырды.

Денсаулық сақтау департаментінде аталмыш оқиға бойынша жедел жәрдем шақыру жергілікті уақытпен сағат 16:30-да жасалғанын айтты. Бес минуттан соң қызды дәрігерлер ауруханаға жеткізген.

Кеше9

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...